Көкшетауда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.
«Жаңбыр жауады, су басу қаупі бар»: еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
14,646
оқылды

"Қазгидромет" 21 наурызда Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысында түнде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні –  15-20 м/с. Ақмола облысында 21-24 наурыз аралығында өзендердің жоғары ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. 

Көкшетауда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні  15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. 

Астанада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. 

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ, тұман  болады, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні –  15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Абай облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан елді мекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар. Семейде күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде және күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан елді мекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар. Өскеменде түстен кейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде және күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында да көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Жезқазғанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  – 15 м/с. 2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. 

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні – 15-20 м/с. 2025 жылғы 21-23 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, соның салдарынан елді мекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.