Алматыдағы үйіне барып, отбасына көңіл айтқан актриса жазушының бөлмесінде түскен суретін жариялады.
«Кабинеті бос тұр...»: Айгүл Иманбаева жазушы Дулат Исабеков туралы жазба жариялады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
4,662
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева жазушы Дулат Исабеков туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Алматыдағы үйіне барып, отбасына көңіл айтқан актриса жазушының бөлмесінде түскен суретін жариялады.

«Дулат ағамның кабинеті де, демалатын креслосы да бос… Ағау, ұлттың, мәдениеттің мәңгі жүрегіндесіз», – деп жазды Айгүл Иманбаева. 

Актриса бұған дейін жазушы қиын сәттерде қолдап, демеу болғанын жазған еді. Америка Құрама Штаттарында жүргендіктен, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Дулат Исабековтің қазасына қатысты көңіл айтып, соңғы сапарға шығарып салуға келе алмайтынын айтқан болатын.

«Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды. Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефонды көтермеген соң, қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе деген ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді. Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды, өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да, қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол, жан ағам!»  деп жазған еді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.