Бүгін Ұлыстың ұлы күніне орай ORDA FM радиосының ұжымы “Наурыз – жақсылық жаршысы” атты марафон өткізді. Студияға елге жақсылығы өткен жандар жиналды. Бағдарлама сағат 11.30-15.00 аралығында тікелей эфирде жүрді.
Хабарға бала сүйе алмай, баз кешкен отбасыларға сәбилі болуға қол ұшын беріп жүрген қор басшысы Ләйла Маханбетқызы Жүсіпова, отбасылы болғанына 13 жылдан асып, ана атанған 34 жастағы Астана қаласының тұрғыны Мақпал Ибрайымқызы Бабақаева қатысты.
Қазақтың қыз-келіншегіне ұлттық киім кигізіп, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлес қосып жүрген “Қазақ аналары” қозғалысының жетекшісі Айнұр Жүгінісова ханым бағдарлама көркін кіргізді.
Қалиақпер Үсемханұлының Наурыз бен ұлттық киімнің тарихы жайлы әңгімелері өте әсерлі шықты.
Ақын Қалқаман Сарин “Жақсылық жасап жарысайық” деген өлеңін тыңдарманға өзі оқып берді.