Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылы маңындағы уақытша көпір арқылы көліктер тоқтаусыз өтіп жатыр.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың мәлім еткеніндей, 16 наурыз күні аталған көпірді екі жағынан су шайып кеткен болатын.
Әкімнің сөзіне қарағанда, Uniserv ЖШС-ның техникалары шұғыл түрде жұмылдырылып, көпір 20 наурыз күні кешкісін сағат 22.00-де қолданысқа берілді.
– Осыған дейін автокөліктер Аралтөбе ауылына Ақсай қаласы арқылы қатынап келген еді. Қазір ешқандай мәселе жоқ. Көліктер емін-еркін өтіп жатыр, – деді Жұмагелді Батырниязов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстандағы өзендердің басым бөлігінде су деңгейінің көтерілгенін жаздық.