Қазақстан құрамасының спортшылары барлық салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандарының тізімі жарияланды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,016
оқылды

25-30 наурыз аралығында Иордания астанасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан құрамасының спортшылары барлық салмақ дәрежелерінде жүлдеге таласады. 

Грек-рим күресі: 

55 келі – Ербол Камалиев 

60 келі – Бақытжан Қабдыл 

63 келі – Сұлтан Әсетұлы 

67 келі – Мейіржан Шермаханбет 

72 келі – Әділхан Сатаев 

77 келі – Ибрагим Магомадов 

82 келі – Омар Сатаев 

87 келі – Шамиль Ожаев 

97 келі – Ілияс Гучигов 

130 келі – Әлімхан Сыздықов 

Әйелдер күресі: 

50 келі – Светлана Анкичева 

53 келі – Зейнеп Баянова 

55 келі – Зүлфия Яхьярова 

57 келі – Нилуфар Раимова 

59 келі – Гүлдана Бекеш 

62 келі – Тыныс Дүбек 

65 келі – Гаухар Мұқатай 

68 келі – Ирина Казюлина 

72 келі – Жамила Бақбергенова 

76 келі – Эльмира Сыздықова 

Еркін күрес:

 57 келі – Рахат Қалжан 

61 келі – Мұхамед Балғабай 

65 келі – Нұрсұлтан Садық 

70 келі – Начын Куулар

 74 келі – Нұрқожа Қайпанов 

79 келі – Дәулет Ергеш 

86 келі – Болат Сақаев 

92 келі – Азамат Дәулетбеков 

97 келі – Ризабек Айтмұхан 

125 келі – Нұрсұлтан Азов 

Өткен жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын (Дәулетбеков, Жарылқасын), 4 күміс (Айтақын, Айтмұхан, Тұрсынов, Мацииев) және 6 қола (Қартбай, Магомадов, Алмағанбетова, Каюмова, Панасович, Сыздықова) медаль жеңіп алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.