Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді.
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында өткен фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде де отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қола медаль алған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.