Әнші Димаш Құдайберген дүниежүзіндегі адамдарды қайырымдылық жасауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші Халықаралық миграция ұйымы атынан сөйлеп, қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақырды.
«Биыл Рамазанда қақтығыстар мен табиғи апаттар салдарынан баспанасынан айырылған миллиондаған отбасы қасиетті айды үйлерінен жырақта, тамақсыз, сусыз және баспанасыз өткізіп жатыр. Сіздің қайырымдылығыңыз олар үшін өмірлік арқау бола алады. Шұғыл азық-түлік, таза су, баспана ұсынуға, тіпті балаларды Айт мерекесінде қуантатын сыйлықтармен қамтамасыз етуге көмектесе аласыз. Осы Рамазан айын бірге өзгертейік! Себебі сіздің қолдауыңыз адам тағдырын өзгерте алады!» – деді Димаш Құдайберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.