Продюсер Баян Мақсатқызы журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында тіл мәселесіне қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Продюсер орыстілді болса да, қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүргенін атап өтті.
«Орал қаласында дүниеге келдім. Сыныпта емес, мектеп бойынша жалғыз қазақ болдым. Өзіңіз ары қарай қалай болғанын ойлай беріңіз. Негізі, қазақ тілінде жақсы сөйлеймін. Бірақ орыс тілінде сөйлеген ыңғайлы. Орысша ойлаймын. Орыс тілінде сөйлейтінім қазақ тілінде өткізетін жобамның ешқайсысына кедергі келтірген емес. “Қазақ аруын” өткіземін. “Бақыт” деген фильмім 100 пайыз қазақ тілінде түсірілді. Қаншама кино мен сериалдарымды тек қазақ тілінде түсіремін. Маған енді кім не деп ұрысады?! Қазақ тілін дамыту үшін сен не істедің?! Мен орыстілді болсам да, қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрмін", – деді продюсер.
Актриса қыздарының қазақ мектебінде білім алғанын құптайтынын айтты.
«Қыздарым қазақ мектебінде білім алды. Екі кішкентай қызымды да қазақ мектебіне беремін. Мен өте керемет балаларды дүниеге әкелдім. Қазіргі олардың қателігі менің тәрбиемнен емес. Олар өздерінің көрсем, білсем деген іс-әрекеттерінен қателесіп жатыр деп ойлаймын», – деді Баян Алагөзова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.