Депутат жақындарымен жүздесіп, өткен жылы анасынан айырылған қиын кезеңді еске алды.
«Менің орнымда анам тұруы керек еді»: Дәулет Мұқаев әсерлі жазба жариялады
Фото: видеодан кадр
809
оқылды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев нағашыларына қонаққа барып, әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Депутат жақындарымен жүздесіп, өткен жылы анасынан айырылған қиын кезеңді еске алды. Сонымен қатар ол видеода өзінің орнында анасы тұруы керек болғанын жазып, көпшіліктің көңілін босатты. 

«Алтын нағашыларым. Мен өз ата-әжемді көрмегенмін. Ерте қайтқан. Ал нағашы ата-әжемді көргенмін. Ақылын тыңдап, батасын алған немерелердің қатарынанмын. Бала кезде ауылға барған сайын үнемі атамның алдында төрде отыратынмын. Нағашы атам Кәкімсейіт Ақкешеұлы өте танымал жылқышы болған. 8 жасымда атам қайтса, 11 жасымда әжем қайтты. Екеуі өмірге 11 бала дүние әкелген. Нұрғалым әжем алтын құрсақты ана. Екеуі ерте шетінеп кеткен. Менің анам өткен жылы қайтты. Бүгін наурыз мерекесіне әрі ауызашарға орай Кәкімсейіт атамның ұрпақтары арнайы жиналып, ата-әжемізге, анама Құран бағыштадық. Марқұмдардың жатқан жері жайлы болсын. Видеода Кәкімсейіт атаның балалары. Бір анадан туған жандар. Анамның орны қанша жерден ойсырап тұрса да, жоқтатпауға тырысып жүремін. Видеода анам тұру керек жерде, мен тұрмын. Нағашылар, аман болыңыздар», – деді депутат.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.