Әнші Серік Ибрагимов арманы орындалғанын айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Өнер иесі отбасымен бірге көлік салонына барып, әкесіне темір тұлпар сыйлаған.
“Достар, бүгін әкемізді қуантамыз. Арманым орындалды. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуіміз ақылдасып, әкемізге көлік сыйлаймыз деп шештік. Баланың міндеті – ата-ананы қуанту емес пе?! Бәріңізге жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдірді.
“Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын”, “Досым, көп адамға үлгісің”, “Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін”, “Құтты болсын!” – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.