NewAtlas сайты жариялаған хабарламаға сүйенген Aikyn.kz гуманоидтардың жаңа түрлерінің мүмкіндіктерін салыстырады.
Интернет қолданушылардың көпшілігі видеодағы оқиға шынайы өмірден алынған екен деп қатты шошыды. Дегенмен кейіннен бұл видеоның Boston Dynamics шығарған Atlas роботының сынағына пародия екені анықталды.
Бұдан маңызды қорытынды жасауға болады. Егер роботқа адамға шабуылдау туралы тапсырма берілмесе (жүктелмесе), ол өздігінен ешқашан «көтеріліс» жасай алмайды. Құлтемірде сана, өзін қорғау деген табиғи инстинкт, қорлану, оған қарсы жауап беру деген эмоционалдық сезімдер болмайды. Ол ондай сезімдерді арнайы жүктелген бағдарламалар арқылы имитациялауы ғана мүмкін. Біздің ойымызша, қазіргі көптеген ғалымдар мен мамандар айтып жүрген ЖИ көтерілісі, технологиялық сингулярлықты роботтар өздігінен жасай алмайды. ЖИ де, робот та, әншейін құрал. Оны жасампаздық, бейбіт мақсатта немесе соғыс, қирату мақсатында қолдану тек адамдарға байланысты.
Компания таратқан жаңа видеода Atlas атты шарнирлі-буынды роботтың жүгіру, қолын тіреп айналу (колесо жасау) және брейк-данс билеу сәттері оның әлі де алдыңғы шепте екенін дәлелдейді.
Бүгінгі Tesla, Figure, Sanctuary, Agility және басқа да көптеген компаниялар үшін роботтарының артына сальто жасай алуы, қол тіреп айнала алуы немесе олардың қимылдарының қаншалықты адамға ұқсастығы маңызды емес. Олар роботтарды мүмкіндігінше тез өндірісте жарамды етуге басымдық береді. Сондықтан олар үшін ең маңыздысы – роботтардың жүктерді қаншалықты жақсы көтеріп, орнын ауыстырып және қайта қоя алуы.
Соңғы уақытта Қытайдың Unitree компаниясы да жеңіл әрі ықшам G1 гуманоидын жетілдірумен айналысуда. Компанияның алғашқы гуманоидтары еркін әрі сенімді жүре бастады, бұрынғыдай «балапанның жүрісіндей емес, олардың буындары икемді бұрылады, жүгіре де алады. Төбеге де шығады, ылдиға да жүгіріп, құламай түседі.
Жасанды интеллект басқаратын бұл керемет машиналардың сәбилік кезеңінен өтіп, сенімді және икемді қозғала бастағанын көру – нағыз таңғажайып құбылыс. Жас балдырған гимнастика мен биді меңгерген кезде қалай сүйсіне қарайтын болсақ, роботтардың бұл қабілетті жылдам игеруін тамашалау да сондай әсерлі.
Қытайлық Unitree компаниясының G1 роботтарының тағы бір жаңалығы – олар бір қырымен сальто жасай алады. Бұл әсерлі, бірақ бізге гуманоидтарды зерттеудің алдыңғы қатарында кім тұрғанын ұмытпау керек. Boston Dynamics жақында Atlas роботын көрсететін жаңа видеоны жариялады. Ол табиғи көрінетін қозғалыстарды мүлде жаңа деңгейге көтерді.
Олар әлі де толығымен адамша қозғала алмауы мүмкін, бірақ буындары табиғи түрде қозғалып, кәдімгідей адамның жүруін еске түсіреді. Бұл бұрынғыдай сенімсіз қадам емес, нақты, нық қадамдар.
Ол жүгіруді бастарда денесін алға еңкейтіп, тоқтаған кезде артқа шалқайып тепе-теңдігін реттейді. Мұндай сенімділік – Boston Dynamics командасы үшін үлкен мақтаныш.
Atlas-тың гимнастикалық жаттығулары, қол тіреп айналуы да табиғи түрде жасалады. Ол өз белі мен жамбас буындарының толық айналу қабілетін пайдаланып, қол тіреп жасаған «раундоффтан» кейін бірден тік тұра алады. Atlas-тың ең қызықты қасиеттерінің бірі – ол жамбас, бел, қол және мойын буындарын 360 градусқа айналдыра алады, сол арқылы бүкіл денесін тиімді қозғалтады.
Мамандар гуманоидты робототехниканың қарқынды дамуы енді басталғанын айтуда. Дегенмен Atlas пен басқа роботтардың физикалық әлемде жасап жатқан істері – GPT мен өзге де тілдік модельдердің ақпарат әлемінде жасап жатқан жетістіктеріне ұқсас, нағыз ғылыми фантастиканың жүзеге асуы.
Atlas қазірдің өзінде Kryten сияқты роботтардан әлдеқайда икемді қозғалады. Көп жағдайда бұл роботтар алдымен өндіріс фабрикалары мен зауыттарда қолданылады, содан кейін біртіндеп еңбек нарығына шығарылады. Бірақ қазірдің өзінде адамдар мен андроидтардың күнделікті өмірде тұрақты түрде өзара әрекеттесетін уақыты біз ойлағаннан да ерте келетіні анық көрінуде.
Aikyn.kz әлемдегі ЖИ-мен үйлестірілген роботтардың жетістіктері туралы жүйелі түрде материалдар ұсынып келеді. Робототехникаға қызығатын оқырман, әсіресе оқушы жастар, олармен мына сілтемелер бойынша таныса алады:
Адам жүре алмайтын жолдармен жүретін робот жасалды (видео)
Atlas роботы таңғаларлық қабілет көрсетті (видео)
Boston Dynamics-тің роботтары шырша безендіреді
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.