Қазақстан құрамасы Али Алиевтің жетекшілігімен жаңа іріктеу циклі алдында үш жолдастық кездесу өткізді.
Футбол: Уэльс – Қазақстан матчын қайдан көруге болады?
Фото: Sports.kz
697
оқылды

22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен ойнайды, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч Кардифф қаласында (Уэльс) өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан құрамасы Али Алиевтің жетекшілігімен жаңа іріктеу циклі алдында үш жолдастық кездесу өткізді: өзбекстандық «Локомотивпен» (1:1) тең ойнады, Солтүстік Корея құрамасынан (0:2) жеңілді, Кюрасао құрамасын (2:0) жеңді.

Ал Уэльс құрамасы соңғы рет өткен жылдың қараша айында Ұлттар лигасында ойнаған. Олар қатарынан алты матчта жеңілмеді: үш рет жеңіске жетіп, үш рет тең түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.