Өңірде су тасқыны қаупін азайту үшін 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Қарағанды облысында су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда
Видеодан скриншот
608
оқылды

Қарағанды облысында су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгін Осакаров ауданы Николаевка ауылының маңындағы Сабырқожа өзенінде мұз кептелістерін жою үшін 8 559 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді.

– Осындай іс-шаралар Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланөтпес, Есіл және Үлкенқұндыз өзендерінде өткізілді. Жалпы жарылыс жұмыстарымен 14 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өңірде су тасқыны қаупін азайту үшін 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, 10 тоннадан астам инертті материал төгіліп, 87 шақырымнан астам арық пен 3 765 су өткізу құрылысы тазартылды, 42 шақырымнан астам траншея қазылды, 11 мыңнан астам инертті материалдар салынған қаптар төселді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз