Ол 2014 – 2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group Директорлары кеңесіне төрағалық еткен.
ERG мен «Еуразиялық банк» басшысы Aлександр Машкевич қайтыс болды
Instagram/@ergkazakhstan
716
оқылды

ERG мен «Еуразиялық банк» басшысы Aлександр Машкевич қайтыс болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл жайлы ergkazakhstan әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

2025 жылы наурыздың 22-і күн танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Антонович Машкевич 72 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз.

Ол 2014 – 2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group Директорлары кеңесіне төрағалық еткен. Сондай-ақ А. Машкевич ұзақ жылдар бойы «Еуразиялық банк» АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы болды, – деп жазылған қаралы хабарда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз