Келесі ойында Қазақстан құрамасы 26 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы ойнайды.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу ойындарын жеңіліспен бастады
kff.kz
684
оқылды

Қазақстан құрамасы Уэльс алаңында 1:3 есебімен жеңіліп, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Біздің қақпаға голды "Манчестер Юнайтед" бұрынғы ойыншысы Дэниэл Джеймс, "Тоттенхэм" қорғаушысы Бен Дэвис және Германияның "Ганновер" клубында ойнайтын Рабби Матондо соқты.

Қазақстан құрамасы атынан жалғыз голды Асхат Тағыберген пенальтиден соқты.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы 26 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы ойнайды. Айта кетейік, Лихтенштейн алғашқы ойында өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:3 есебімен ұтылған. Топтағы тағы бір команда – Бельгия – іріктеуді маусым айында бастайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз