Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл жайлы ақпарат Ақорданың ресми Telegram каналында жарияланды.
- Қазақстан Президенті Зимбабве өкілінің спорттағы айтулы жетістіктерін және мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесін атап өтіп, оның халықаралық олимпиада қозғалысын дамытудағы қызметіне сәттілік тіледі, - деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз