Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде тұман, қар жауып, жел соғатынын, сол сияқты жекелеген өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін екенін болжап, дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының өзендерінде су деңгейі жоғарылауы мүмкін, соның салдарынан еріген су жолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарды басып қалуы мүмкін.
Жамбыл облысында жаңбыр жауып, жел соғады.
Жетісу облысында жел болады.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауады.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұман, жел болады.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жел болады.
Түркістан, Алматы облыстарында найзағай ойнап, жел соғады.
Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, жел болады.
Абай облысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ, тұман болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.