Мейрамды отбасымен бірге тойлап жатқанын көрсетті.
«Екеуіміз ұқсайтын сияқтымыз»: жақында тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан  енесін көрсетті (Видео)
Фото: instagram.com/dinarasatzhan
10,810
оқылды

Тележүргізуші Динара Сәтжан Наурыз мейрамын Сарыағашта атап өтті, – деп жазды Аikyn.kz. 

Тележүргізуші өзінің Instagram парақшасына видео жариялап, мейрамды отбасымен бірге тойлап жатқанын көрсетті. Кадрларда блогер басына орамал тағып, қамыр жайып, келіндік міндетін атқарып жатқанын көруге болады. 

«Сарыағашта нағыз көктем! Ауа температурасы 25 градус. Наурызды анашыммен бірге қарсы алдық. Сонымен бірге абысындардан тағы бір мастер-класс. Бүгін – қаттама нан», — деп жазды Динара Сәтжан.

Сонымен қатар ол енесімен түскен суретін жариялады.

«Анам екеуіміз ұқсайтын сияқтымыз», - деп жазды тележүргізуші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.