Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберіліп жатыр.
Еліміздің су қоймаларындағы қазіргі жағдай қандай?
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
1,179
оқылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, – деп жазды Аikyn.kz. 

23 наурыз күнгі жағдай келесідей: 

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,50 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр. 

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы. 

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 605 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберіліп жатыр. 

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр су жіберіліп жатыр. 

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 13,9, Бітік су қоймасынан секундына 11,0 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,5 текше метрден су жіберіліп жатыр. 

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 15,6 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 15,8 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберіліп жатыр. 

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 410,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 56,98 текше метр су жіберіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.