Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтылған тапсырмасы жүзеге асырылуда.
Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 миллиард теңге бөлінді
istockphoto.com
638
оқылды

Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақүй қарастырылған. Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады. Жаңа орталық науқастар емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысанның 78%-ы аяқталған. Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған, – деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз