Актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарын Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп жазды Аikyn.kz.
Өнер иесі жолдасымен түскен суретін жариялап, көктем мерекесіне тілегін жолдаған.
“Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңырақта береке-бірлік болсын! Біздің отбасымыздан баршаңызға жалынды сәлем! Біз сіздерді жақсы көреміз”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актрисаның отбасына бақыт тіледі.
«Әдемі болып кетіпті. Артыңда қорғаның болғанға жетпейді ғой», «Бақытты болыңыздар, әдемі жұп», «Наурыз мерекесі құтты болсын! Өте әдемі, келісті жұпсыздар! Бақытты болыңыздар», «Копия екеуі, шын жартысын тапқан осы болар», «Айгүл әдемі болып кетіпті. Бақытты болыңдар, әйел қырық шырақты деген осы» деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.