Өрт толығымен сөндірілді
Астанада тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
istockphoto.com
534
оқылды

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр сымдары тұйықталып, өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар автосаты және үш иінді сатының көмегімен 13 адам (оның ішінде 6 бала) құтқарылды. Баспалдақ маршымен 45 адам (оның ішінде 12 бала) эвакуацияланды.

- Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз