Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында коронавирустың таралуын алдын алатын шаралар күшейтілді.
Осыған байланысты 16 наурыздан 15 сәуірге дейін отырысқа келушілер мен қатысушыларға, сондай-ақ, БАҚ өкілдері Үкімет үйі ғимаратына кіруге шектеу қойылады. Үкімет отырысы primeminister.kz және басқа да ресми парақшалардан онлайн көрсетіледі», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Ал Қазақстанда кеше, 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.