Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында болған.
Астанада ТЖ өкілдері оқыс жағдайға тап болған әйелге көмек көрсетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
4,776
оқылды

Астаналық ТЖ қызметкерлері оқыс жағдайға тап болған әйел адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында болған. 42 жастағы әйел адамның қолы қамыр илейтін аппаратқа қыстырылып қалып, қолын өздігінен шығара алмаған.

– Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен аз уақыттың ішінде зардап шеккен жұмысшының қолын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды, – делінген ақпаратта. 

Осы ретте ТЖМ өкілдері күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.