Ол бұған дейін де әйелін пышақтаған.
Бұған дейін де пышақ салған: Павлодарда ер адам мастықпен әйелін пышақтады
www.istockphoto.com
681
оқылды

Павлодарда полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Instagram-дағы nemolchikz_official парақшасында жазды. 

Оқиға кезінде ер адам мас болған. Салдарынан ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, күйеуі әйелін бірнеше  жерден пышақ салған. 

«Әйел жарақатына қарамастан, үйге кіруге қорқып, далада тұра берген. Ал келген полицейлер күйеуінің ұйықтап жатқанын көріп, оятпастан кетіп қалған. Күйеуінің әйеліне қол көтеруі бірінші рет емес. Бұған дейін де пышақтаған. Ол кезде зардап шегушінің аяғындағы жарақатын тіктірген. Осы жолы қолы мен асқазанын тіктіртті», - деп жазды парақша иелері.

Өңірлік полиция департаменті қасақана орташа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Болған оқиғаның себеп-салдарын объективті түрде зерделеуға бағытталған тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол есін жинағанша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылды, - деп мәлімдеді департаменттен.