Ол мектептің есігін жұлып, терезесін сындырған.
Көкшетауда ер адам мектептің терезесін сындырып, ішіне кірмек болған
www.istockphoto.com
652
оқылды

Көкшетауда ер адам мектептің бас корпусындағы терезені шағып, ішіне кірмек болды. Аталған жайтқа қатысты полиция пікір білдірген. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram каналы жариялады.

Олардың хабарлауынша, Көкшетаудағы мектеп-гимназия ауласында қолы қан күйде жүгіріп жүрген ер адамның видеосы тарады.

Жазбада ол мектептің бас корпусындағы терезені сындырып, ішке кірмек болған. Ол терезені сындырған кезде, қолын кесіп алған. Бұдан соң ол бас корпусқа бағыт алып, жабық тұрған есікті жұлып алған. Артынша турникеттен секіріп өтіп, ғимаратқа кірген. Күзетші жедел әрекет ету тобын шақырған. Мектептегілер зардап шекпеген. Оқу орнының әкімшілігі полицияға арыз жазған.

"Полиция департаменті видеоға ер адам анықталып, полиция қызметкерлері оны ұстағанын хабарлайды. Медициналық тексеріске сай, ұсталған адам есірткіге мас күйінде болған. Оқу орнына келтірген шығын көлемі анықталып жатыр. Құқық бұзушы ҚР ҚК-нің 440-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.