Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылған.
Қар суының салдарынан еліміздің үш облысында жол жабылды
www.istockphoto.com
1,010
оқылды

24 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

- Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылды,   деп жазды "ҚазАвтоЖол".