23 наурызда Қандыағаш қаласында 3 және 11 жастағы балалардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.
Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Әйел – Атырау облысының тұрғыны.
Тергеу жұмыстарын полиция басшылығы өз бақылауына алды.