Ақмарал Науатбек финалда германиялық Изобель Таймен белдесті.
Ақмарал Науатбек Әлем кубогында топ жарып, чемпион атанды
2,518
оқылды

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында қазақстандық пара дзюдошы Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді.

Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп өнер көрсеткен алғашқы жарысы болды.

Еске сала кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж паралимпиадасында алтын медаль алып, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған болатын.