ШҚО құтқарушылар тобы Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша көмек көрсетуде, осылайша су басу қаупін жоюда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жеке құрам Қоянды ауылында ТЖМ және ЖАО арнайы техникасының көмегімен суды сору және инертті материалды тиеу жұмыстарын жүргізеді.
Құтқарушылардың көмегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.