Қазақстан атынан Словениядағы турнирге Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Айдос Кенжіғұлов және Сарвиноз Миркадирова қатысады.
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Словениядағы WTT Feeder турниріне қатысады
Фото: ҰОК
260
оқылды

Оточец қаласында (Словения) үстел теннисінен WTT Feeder Otocec халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа танымал спортшылар қатысады. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Симон Гози (Франция), бес Олимпиада ойындарының қатысушысы, Еуропа чемпионы Андрей Гачина (Хорватия), Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Айзек Квек (Сингапур), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сато Хитоми (Жапония) және басқа да атақты спортшылар бар.

Қазақстан атынан Словениядағы турнирге Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Айдос Кенжіғұлов және Сарвиноз Миркадирова қатысады.

Айта кетейік, турнир 25-29 наурыз аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.