Желі қолданушылары әншінің бастамасына сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
«Енді сен қалып едің...»: Мейрамбек Бесбаев сценарист мамандарға үндеу жасады
Фото: m_besbaev
8,785
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев кино түсіруге ниетті екенін айтып, сценарист мамандарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында сценарист іздеп жатқанын айтып, жазба жариялады. 

«Қазіргі кездері «кино» түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз. Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. «Енді сен қалып ең кино түсірмеген» дейтін достар, әлі бастаған жоқпын, уайымдамаңыздар!», – деп жазды әнші желі парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл бастамасына сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

«Тарихи кино түсіріңіз. Күлкілі кино керек емес», «Бала Мейрамбектен аға Мейрамбекке дейінгі оқиғаны суреттейтін фильм күтемін», «Жас буынға үлгі болатындай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кино болса», «Мән-мағынасы келіскен кино шығарына сенеміз, өйткені сіз өнердің өз адамысыз, сәттілік», «Өзбекәлі Жәнібеков туралы түсірсеңіз қалай болар екен?», «Естай» фильмін түсіру керек, досым»,  – деп жазды оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.