Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ене мен келін мәселесі туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ұлымен және келінімен қарым-қатынасы туралы айтты.
«Сәлем салатын болса, бірақ көңіліңе қарамайтын сөздер айтатын болса, оның сәлемі, орамалы бір тиын болады деп ойлаймын. ...Келінім Мадинаға айтамын. Мысалы, түнде мен келе жатыр деп үйді жинап, есің шығып, бірнәрсе істеуім керек дейтін болсаң, демек сенде еркіндік болмай қалады. Көп адам келіспейтін шығар, әр адам өз отбасы туралы өзі біледі. Ұлымның үйіне барар болсам, көшеден тамағымды ішіп келемін. «Шай бермейсің, шай қайда?» деген мәселе бізде жоқ. Келініме айтамын, ұйқың келе ме, ұйықтап ал. Сағат 12-де ұйықтауға болмайды, келін бәлен уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалауынша өмір сүруі керек. Өздерінің жұмыстары, бизнестері бар. Менсіз де баласы, күйеуі бар», – дейді айтыскер ақын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.