Наурыз айының соңғы күндері споршылар тартысты сайыстарға қатысады.
Қазақ спортшылары алдағы күндері қандай сайыстарда бақ сынайды?
Фото: istockphoto
663
оқылды

Осы орайда Туризм және спорт министрлігі спорттық шаралар туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

24-31 наурыз: Шахматтан жастар арасындағы ел біріншілігі.

Ішкі чемпионатқа 11 өңірден 85-тен астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.

24-31 наурыз: Фристайл акробатикадан әлем чемпионаты.
Ел намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.

25-30 наурыз: Күрес түрлерінен Азия чемпионаты.
Жарысқа Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.
Өтетін орны: Амман қ., Иордания.

25-29 наурыз: Үстел теннисінен WTT Feeder Otocec турнирі.
Ел құрамасынан 4 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Оточец қ., Словения.

25-30 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты.
Әлемдік додаға екі спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Бостон қ., АҚШ.

26-30 наурыз: Шаңғыдан әлем кубогы кезеңі.
Жарысқа отандық 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Планица қ., Словения.

28-30 наурыз: Семсерлесуден әлем кубогы кезеңі.
Ұлттық құраманың 4 спортшысы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан.

28-30 наурыз: GTF таэквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты.
Сайысқа 16 өңірден 120 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.