Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық гимнастар Грецияда өткен турнирде 9 алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
732
оқылды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және шоқпар таяқшаларымен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.