Наурыз мейрамы қарсаңында "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Ақтан батыр ауылы табиғи газға қосылды.
Қызылорда облысында Ақтан батыр ауылының тұрғындары газдың игілігін көреді
фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі
275
оқылды

Игі шараға  облыс әкімі, депутаттар, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.   Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев  тұрғындарды Наурыз мейрамымен, ауылға "көгілдір отын" келуімен құттықтады.

 «Газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, 330 шақырым газ желілері салынды. Халықты газбен жабдықтау көрсеткіші 78 пайызға өссе, жыл соңына дейін 82 пайызға жеткіземіз. Ал  бүгін өздеріңізбен бірге Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосамыз. Елдің дамуы  ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдарыңызға келген "көгілдір отын" халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Бүгінгі мереке барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін!»,  деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан  бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.  

Жалпы, биыл облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында  11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.