Қазақстандық балуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық спортшы 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті. Омар Сатаев жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты. Енді ол алтын медаль үшін сынға түседі.
Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берді.
Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.