Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандық “Айсұлу” хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасында жеңіске жетті
1,158
оқылды

Қазақстандық "Айсұлу" әйелдер хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасының (EWHL) финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Финалда отандастарымыз Аустрияның Санкт-Пёльтен қаласынан барған "Сэйбрз" клубымен кездесті. Алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталды, сондықтан жеңімпаз жауапты ойында анықталды.

Шешуші ойында алматылық хоккейшілер бірінші кезеңде есеп ашты, бірақ көп ұзамай қарсыластары таразы басын теңестірді.

Овертаймның екінші минутында Эннлиз Хэйз гол соғып, жеңіс "Айсұлуға" бұйырды. Бұл матчта Қазақстан құрамасының ойыншылары Малика Алдабергенова мен Пернеш Әшімова нәтижелі пастарымен көзге түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.