Қуанышқа орай, кездейсоқ өтіп бара жатқан курьер араша түсіп, мектеп оқушысын құтқарып қалған.
Павлодарда ер адам мектеп оқушысына шабуыл жасады (Видео)
Фото: видеодан кадр
1,036
оқылды

Павлодарда белгісіз ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде шамамен 9 жастағы балаға шабуыл жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қуанышқа орай, кездейсоқ өтіп бара жатқан курьер араша түсіп, мектеп оқушысын құтқарып қалған.

Оқиға 19 наурыз күні сағат 16:00 шамасында болған. Баланың ата-анасының айтуынша, 2016 жылы туған ұлы мектептен қайтып келе жатқанда, аулада бейтаныс біреу артынан еріп жүрген. Ер адам баланың соңынан подъезге кіріп, бірінші қабатта ұстап алып, жібермей тұрған.

Дәл осы кезде тұрғын үйге Ерлан есімді курьер кіріп, балаға араша түсті. Алайда шабуыл жасаған адам оның ұлы екенін айтып, алдамақ болған. Біраз уақыт сөз таластырғаннан кейін ер адам баланы жіберіп, қашып кеткен.

«Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам болмағанда жағдай қалай болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Ерланға алғысымыз шексіз! Балам әбден қорқып қалған, үйге жылап келді» – деді оқушының ата-анасы.

Ата-анасы күдікті психикалық денсаулығына байланысты жазасыз қала ма деп алаңдайды. 

Павлодар облысының Полиция департаменті күдіктінің жеке басы бейнебақылау камералары арқылы анықталғанын хабарлады. 

«Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша материалдар жиналып, сотқа жолданды. Сот отырысының қорытындысы бойынша күдікті психикалық ауруына байланысты мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілді», – деп хабарлады полициядан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.