Сонымен қатар еміне қаражат ұсынып, Умраға бару ақысын төлеп берді.
Маскадағы жігіт ДЦП дертіне шалдыққан адамға баспана сыйлады (Видео)
Коллаж: Aikyn.kz
960
оқылды

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал болған, жүзін жасырып жүрген жігіт ДЦП дертіне шалдыққан 36 жастағы Әділжанға баспана сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен қатар еміне қаражат ұсынып, Умраға бару ақысын төлеп берді.

Әділжан – бірінші топтағы мүгедек. Ол мешіт жанында сауда жасайды.

«Бұрын ешкімге қажет емеспін деген ойдың өзі ауыр тиетін. Бірақ қазір өзімді сол қалпымда қабылдағаннан кейін тек ризашылық сезімі ғана бар. Бұл өмірге жайдан жай келмеген болармын. Жаратқанға сенім артқанда ғана сынақтан сүрінбей өтуге болады», – дейді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.