Сарапшылар бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады.
Азаматтардың  70%-ы елдің даму бағытын оң бағалайды – әлеуметтік сауалнама
Фото: istockphoto
639
оқылды

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. «АМАNАТ» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының мамандары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мұндай пікір әсіресе ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) және әйелдер (72,2%) арасында басым, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халықтың басым бөлігі қазіргі саяси (76,5%) және әлеуметтік-экономикалық (67%) жағдайға оптимистік көзқарас танытқан.  

Сарапшылар бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтарға ауылдық және аудандық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау құқығы берілді, сайлау жүйесі ашық бола түсті, Конституциялық сот қайта қалпына келтірілді, ал гендерлік теңдікке бағытталған бастамалар әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсене араласуға жаңа мүмкіндіктер ашты.  

Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласы қызметкерлерінің табысын едәуір арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндер үшін зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.  

Жалпы, сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 89%-ы өз көңіл күйін жағымды деп сипаттаған. Мұндай позитивті көзқарас көбіне 18 бен 35 жас аралығындағы жастарға, бойдақ және отбасылы азаматтарға, сондай-ақ жоғары білімі бар респонденттерге тән.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.