Былтыр футболдан премьер-лигада 14 клуб ойнады. Оның ішінде 325 футболшының арасында 149 легионер болған, яғни тең жартысы.
Футбол, хоккей, волейбол: легионерлерге бюджеттен жалақы беру тоқтатылады
Фото: ҚФФ
778
оқылды

Бұдан былай футбол, волейбол, баскетбол мен хоккей клубтарында ойнайтын легионерлерге мемлекет тарапынан жалақы беру тоқтатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың еңбекақысы демеушілердің мойнына жүктелмек. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды. 

Былтыр футболдан премьер-лигада 14 клуб ойнады. Оның ішінде 325 футболшының арасында 149 легионер болған, яғни тең жартысы. 

Хоккей спортында ахуал тіпті асқынған. Қазір 109 легионер бар. Енді олардың қатары күрт азаюы керек. 

Легионерлерге мемлекеттің де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.