Ер адамға қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, қомақты айыппұл салынды.
Жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашып, қомақты айыппұл арқалады
Видеодан скриншот
1,673
оқылды

Таразда патрульдік полиция қызметкерлері LED-шамдарын заңсыз орнатқан Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қашып кетпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қауіпті маневрлер жасап, жол-көлік оқиғасына себепші бола жаздап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірді.

Бірнеше патрульдік экипаждың көмегімен көлік тоқтатылғаннан кейін, жүргізуші жаяу қашып, аулаларға жасырынуға әрекеттенген, алайда тәртіп сақшылары оны жылдам қолға түсірді.

– 21 жастағы жігіт ағасына тиесілі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны анықталды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада. 

Полицейлерге бағынбау дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.