29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.