Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ашық, шуақты ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде +25 градусқа дейін күн жылынады
фото: интернет
306
оқылды

Синоптиктердің мәліметінше, батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, ал оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар күтіледі. Сонымен қатар тұман, желдің күшеюі болжанып отыр. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін.  

Батыс өңірлерде: түнде -3...+5°С-тен +5...+15°С-қа дейін жылынады, күндіз +10...+18°С-тен +12...+25°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста: түнде -5...+5°С-тен +1...+8°С-қа дейін жылы, күндіз +10...+16°С-тен +10...+20°С-қа дейін жетеді.

Солтүстікте: түнде -6...+3°С, күндіз +7...+15°С.  

Орталықта: түнде -1...-9°С-тен -5...+2°С-қа дейін көтерілсе, күндіз +4...+12°С-тен +7...+15°С-қа дейін жылынады.

Шығыста: түнде -2...-15°С, күндіз +5...+15°С-тен +10...+18°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте: түнде 0...+5°С, күндіз +12...+18°С-тен +17...+22°С-қа дейін жылынады.

Оңтүстік-шығыста: түнде -10...+3°С, күндіз +7...+15°С-тен +12...+22°С-қа дейін көтеріледі.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.