Меркі ауданындағы Меркі ауылында жер дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл тіркелді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр, – делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.