Астанада ұлттық мереке – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз балы» өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Іс-шара шетелдіктердің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын дамытуға ықпал етіп жатыр. Балдың дәстүрлі қонақтары – дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Наурыз – жаңару, бірлік пен берекені білдіретін ұлттық мейрам. Сондықтан бұл дипломатиялық корпус өкілдеріне Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыру үшін таптырмас мүмкіндік.
Кештің сәнін елордадағы үздік шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар келтірді. Бағдарламаның басым бөлігі фольклорлық және этникалық нөмірлерден тұрды. «Наурыз бал» жобасы мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазіргі әлемде мәдени дипломатия елдің жағымды имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.