Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады.
Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
680
оқылды

Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәлеметінше, Қазақстан балуаны финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.

Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.