Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен келешегін талқылады.
Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
347
оқылды

Ерлан Қошанов Қазақстан мен Қытай қатынасы жаңа «алтын 30 жылдықта» мәң­гілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында нығайып келе жатқанын атап өтті.

– Бұл үздіксіз дамудың басты қозғаушы күші ретінде көшбас­шыларымыздың жеке достық байланыстары мен ерен еңбегін айтуға болады. Әсіресе, соңғы жылдар қа­зақ-қытай қарым-қа­тынасын жаңа дең­гейге көтеру­де маңызды кезеңге айналды. Мем­лекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің салып берген жо­лымен парламентаралық бай­ланыстарымызды одан әрі дамы­тамыз деп сенемін, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Палата спикері мәртебелі мейманға ел­дегі жүргізіліп жатқан саяси-экономика­лық реформалар туралы мәлімет беріп, парла­мент­аралық ынтымақтастыққа жеке тоқталды.

Бұл орайда екі ел Парла­мент­терінің ықпалдастығын нығай­туда былтырғы Мәжіліс деле­га­циясының Қытайға сапары тың қарқын берді. Ерлан Қошанов бастаған делегация Бейжің, Үрім­ші қалаларында болып, елдің басшылығымен және Пар­ламент­тегі әріптестерімен жемісті келіс­сөздер жүргізген болатын.

– Екіжақты әріптестікті да­мытуда заң шығарушы органдар­дың маңызы мен рөлі ерекше. Жалпы, екі ел Парламенттерінің тәжірибе алмасатын, үйренетін тұстары аз емес. Біз парла­мент­аралық ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қытай тарапынан да дәл осындай ықы­лас бар екенін білеміз. Осы тұр­ғыда әріптес­терімізбен заң шы­ғару саласында түрлі бағыттар бойынша тәжірибе алмасып келеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Екі ел арасындағы партия­аралық әріптестіктің де келешегі зор. Әңгімелесу барысында та­раптар «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін де талқылады.

Өз кезегінде Лю Цзяньчао елдеріміз арасындағы страте­гиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

– Қытай Коммунистік пар­тиясы мен «AMANAT» пар­тия­сын байланыстыратын ортақ мақсат көп. Ол – ең әуелі біздің мем­­лекеттеріміздің дамуы жолындағы жа­уапкершілік. Біз бірлесіп, көшбасшы­лары­мыз­дың стра­тегиялық бағдарын ұстанып, ел­деріміздің одан әрі дамуына күш салуға тиіспіз. Мемлекет бас­шы­ла­рының сенім мен сыйластыққа негіздел­ген берік достығы халық­тарымыз үшін өте құнды. Ендігі кезекте олардың уағда­ластық­тарын іске асыру – біздің пар­тияла­ры­мыз­дың ортақ міндеті, – деді Лю Цзяньчао.