Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын маңызды атрибуттар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті әрі патриоттық борышы.
Рәміздерге құрмет – азаматтық парыз
250
оқылды

Атап айтсақ, «Менің Туым, ме­нің Отаным!» акциясы аясында қа­зақстандықтар мемлекеттік Ту­ды үйлеріне, көліктеріне іліп, пат­риоттық көңіл күй қалып­тас­ты­рып жүр. Қазір қала кө­ше­ле­рін­дегі әр үйдің терезесінен қа­зақ­тың көк байрағын жыл он екі ай көруге болады. Себебі Қа­зақ­стан­да азаматтарға мемлекеттік Ту­ды жеке үйлеріне, балконда­ры­на ілуге 2022 жылдың 4 ші­л­де­сі­нен бастап рұқсат берілді. Бұл өз­­геріс Қазақстан Республи­касы­ның «Мемлекеттік рәміздер тура­лы» заңына енгізілген түзету­лер­ден кейін қабылданды. Бұған дейін Туды тек мемлекеттік ме­ке­ме­лерде, халықаралық шараларда жә­­не ресми іс-шараларда қол­да­ну­­ға рұқсат етілген болатын. Бұл бас­тама қоғам тарапынан үлкен қол­дауға ие болып, көптеген қа­зақ­стандықтар үйлеріне мемле­кет­тік Туды мақтанышпен іле бас­тады. 

Сонымен қатар 2024 жылы рә­міздер күнінде 500-ге жуық іс-шара өткізілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына 500 жалау тегін тара­тылып, танымал әртістердің қа­тысуымен қонцерт ұйымдас­ты­рылған. Бірлік пен отансүйгіш­тік­ті дәріптеген жиындарға, әсі­ре­се жастар белсене қатысуда. Олар Әнұран орындауға бүкіл туыс­тарын шақырып әкелген. Фо­рум аясында Ту шеруі де өткі­зіл­ген. Сондай-ақ Талғат Бигел­ди­нов атындағы «Жас ұлан» мек­­­­тебінің тәрбиеленушілері көк бай­рақтар­ды желбіретіп, сап түзіп жүріп өтті.

Мұндай ерекше іс-шаралар елі­міздің түкпір-түкпірінде өткі­зіл­ді. Айрықша есте қалғаны Қо­наев қаласы. Онда парашют­ші­лер еліміздің көк байрағын көк­те желбіретсе, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі жи­­налған жұртшылыққа мере­ке­лік көңіл күй сыйлады.

Елімізде Мемлекеттік рәміз­де­рге ұқыпты және құрметпен қа­рау қарқынды түрде наси­хат­тал­ғанына қарамастан, оларға лайықты құрмет көрсетпейтіндер де табылады. Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасына сәйкес, Мем­лекеттік рәміздерге құрмет­сіз­дік танытқан азаматтар әкім­ші­лік немесе қылмыстық жауап­кер­шілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекстің 458-бабына сәй­кес:

Мемлекеттік рәміздерді қор­ла­ғандарға 200 АЕК (айлық есеп­тік көрсеткіш) көлемінде айып­пұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Егер рәміздерді қорлау ауыр құ­қықбұзушылық ретінде таныл­са, Қылмыстық кодекстің 372-ба­бына сәйкес, кінәлі тұлғаға ірі кө­лемде айыппұл салынып, 2 жыл­ға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Мәселен, таяуда ғана Атырауда бет-жүзін тұм­шалаған бірнеше қыздың мемлекеттік туды өзгертілген нұс­қада ұстаған фотосы әлеу­меттік желіде тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Атырау об­­лыстық полиция департа­мен­ті­нің мәліметінше, суретке түс­кен төрт күдікті анықталып, олар по­лиция бөлімшесіне жеткі­зіл­ген. Артынша-ақ мониторинг нәтижесінде 2 заңбұзушылық анықталған: ТМД аумағында та­нымал екі үлкен маркетплейсте стандартқа сай емес Қазақстан Туы сатылған. Бүгінде аталған мә­селе бойынша «Мемлекеттік рә­міздерді қорлау» бабымен қыл­мыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тер­геу амалдары жүргізіліп жа­тыр.

Мемлекеттік рәміздерді дә­ріп­­теу – ел азаматтарының пат­риот­тық рухын көтеретін маңыз­ды жұмыс. Рәміздерді құрметтеу арқылы біз тәуелсіздігімізді ны­ғай­тып, ұлттық бірлікті күшейте ала­мыз. Сондықтан бұл бағыт­та­ғы шаралар үнемі жалғасып, қо­ғамның барлық саласында қолдау табуы қажет.

К.ЕСІМ